Асхат Қалжанов: «Мен үшін жанкүйерлердің мүддесі маңыздырақ»

Асхат Қалжанов: «Мен үшін жанкүйерлердің мүддесі маңыздырақ»

«Ақтөбе» футбол клубының жаңа баспасөз-хатшысы Асхат Қалжанов «PROСПОРТ» тілшісіне шағын сұхбат берді.

–«Ақтөбе» жаңа жыл басталғалы ешқандай трансфер жасаған жоқ. Жақында ғана Шандао мен Феррейраны алуы мүмкін деген ақпарат шықты. Бұл қаншалықты рас?Клубқа байқауға келетін ойыншылар бар ма?

– Шандао мен Ферейра бізге ауысуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз және де растамай алмаймыз. Нақты және толық ақпаратты «Ақтөбенің» ресми сайтынан оқи жатарсыздар жақында.

–  «Ақтөбенің» оқу-жаттығу жиынындағы спарринг- қарсыластары кім болады?

– Осы оқу-жаттығу жиынында екі немесе үш жолдастық кездесу өткіземіз. Қарсыластарымыздың нақты кім болатыны жақын арада анықталады.

– Алдағы маусымға клуб қандай мақсат қойып отыр?

– Маусымның басында жиналыс өтіп, қойылатын мақсаттар айтылады. Олардың бірі, әрине – Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алу.

– Ресми сайттарыңыздың келбеті өзгеріпті. Ақтөбелік жанкүйерлерге баспасөз хатшысы ретінде тағы да қандай өзгеріс алып келу ойыңызда бар?

– Өзгерістер, әрине, болады. Оны уақытында білесіздер. Қазір көз тимес үшін, ештеңе айтпай-ақ қояйын.

– Бұрын Марат Жұмабаев хатшы қызметін атқарып стадионның дикторы болған. Биыл медиа-офицер болып сіз тағайындалдыңыз, стадион дикторы қызметін Азамат Айнағұлов атқаратын болды. Бұл клубтың шешімі ме?

– Жоқ, бұл менің шешімім. Басшылықпен солай келістім. Диктор болғым келмейтін негізгі себеп – әр адам өз ісінің шебері болуы тиіс. Азамат Айнағұлов Марат Жұмабаевтың жетістігін қайталауы керек. Шынымды айтсам, қосымша қаржы көзі ретінде бұл қызметке де қызыққанмын, бірақ мен үшін жанкүйерлердің мүддесі маңыздырақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или