«Астана» қорытынды ОЖЖ-ны бастады

Бүгін ел чемпионы «Астана» қорытынды оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Антальяда бас қосады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл туралы клубтың ресми сайты мәлім етіп отыр. Жиынға команда топ-топ болып, бөлініп келді. Алдымен «Мардан Палас» қонақ үйіне Астанадан келген топ жайғасты. Астаналықтарды Түркия елі жаңбырмен күтіп алыпты, соған қарамастан кешкілік команда жиналмақ. Тек жарақатына байланысты Павел Халезов қана бара алмады.

Сондай-ақ, елордалықтар ертең алғашқы жаттығуын жасайды. Ал спаррингілік қарсыластары да анықталып қойды:

01.02.15. «Астана» — «Рад» (Сербия)

04.02.15. «Астана» — «Бундекор» (Өзбекстан)

07.02.15 «Астана» — «Пандури» (Румыния)

10.02.15 «Астана» — «Заря» (Луганск)

13.02.15 «Астана» — «Левски» (София)

17.02.15 «Астана» — «Вардар» (Македония).

«Астана» ФК ресми сайтының материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или