«Ювентус» Погбаның орнына Витсельді алуы мүмкін

Туриндік «Ювентус» франциялық хавбек Поль Погба командадан кетіп жатса, оның орнына питерлік «Зениттің» жартылай қорғаушысы Аксель Витсельді алуды көздеп отыр, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

La Derniere Heure басылымының мәлімдеуінше, Погбаға еуропалық грандтардан ұсыныс түскен, сондықтан осы жазда ол «бьянконери» сапынан кетуі ықтимал. Дереккөзге сенсек, Витсель «Ювентуске» ауысу үшін жалақысын да азайтуға көніп отыр. Бельгиялық бүгінде «Зенитпен» 2017 жылға дейін қойылған келісім-шартқа сәйкес жылына 3 млн еуро алып отыр. Ал «Ювентус» ойыншылары алатын жалақының орташа бағамы 2 млн еуроны құрайды.

Шетелдік БАҚ материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или