«Командадан кетті». «Ордабасы» екі легионерге қатысты пікір білдірді
«Ордабасы» командадағы екі легионердің мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
<span>«Махлангудың мәселесінің шешімі жайлы. </span><span>Бірден айтып өтетін жайт, оңтүстікафрикалық жартылай-қорғаушы Май Махлангудың клубпен әлі бір жылдық келісімшарты бар. Бірақ қазір Түркия пандемияға байланысты өз аумағына көптеген мемлекет өкілдерін кіргізбейді және өкінішке орай бұл тізімге ОАР-да кіреді. Сол себепті Махлангу қазіргі сәтте шымкенттік клуб сапына қосыла алмайды. Клуб басшылығы мен ойыншының өкілдері футболшының жақын арада командаға қосылуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр.</span>
<span>Бадибанга енді «Ордабасы» сапында ойнамайды. </span><span>Зиги Бадибанганың шымкенттік клубпен келісімшарты өткен маусым соңында аяқталды. Басшылық пен бапкерлік штаб бельгиялық жартылай-қорғаушымен келісімшарт мерзімін ұзартудан бас тартты. Жаңа маусымда бұл позицияда қазақстандық төлқұжаты бар футболшы өнер көрсетеді деп жоспарланған», - делінген хабарламада. </span>