«Тараз» бірнеше түлегін командаға қайтарды

«Тараз» бірнеше түлегін командаға қайтарды

«Тараз» футбол клубы бірнеше ойыншымен келісімшарт жасасты. Олардың бәрі де жамбылдық футбол мектебінің талантты түлегі, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Команда 26 жастағы қорғаушы Әділет Кеңесбекпен келісімге келді. Ол «Тараздың» қосалқы құрамында 2013 жылдан бастап ойнаған болатын. Премьер лигадағы алғашқы матчы 2015 жылы «Қайсар» командасына қарсы кездесуде өтті. Соңғы бір маусымнан аса мерзімде «Алтай» командасында ойнады.

Сондай-ақ, команда ұлттық құраманың ойыншысы Елдос Ахметовпен толықты. Талантты тараздық футболшы кәсіби мансабын 2007 жылы бастаған болатын. Әр жылдары «Астана», «Ертіс», «Қайрат» командаларында ойнаған. Былтыр қызылордалық «Қайсар» сапына ауысып, ол клубта тек үш рет қана алаңға шығарылған. Қазақстан жастар және ұлттық құрама командасында ойнаған. Қазір де еліміздің бас құрамына үміткер ойыншыдардың қатарында.

Өз мансабында премьер лиганың 5 дүркін жүлдегері, 2 рет жеңімпазы атанған. Қазақстан кубогы мен Суперкубогының иегері.

Команда ойыншылары қатарына қосылған тағы бір ойыншы - Құрмет Қараман. 25 жастағы қорғаушы 2013 жылы «Тараздың» жастар құрамында ойнап бастады. 2017-2018 жылдары бірінші лигадағы «Екібастұз» сапында өнер көрсетті. Былтыр екінші лига жеңімпазы атанған команданың бірі «Игілік» құрамында ойнады.

«Таразды» толықтырған төртінші ойыншы 28 жастағы жартылай қорғаушы Жақып Қожамберді. Шабуыл шебіне жан бітіруге қауқарлы футболшы команданы күшейтеді деп күтілуде. Ертеректегі футбол маусымдарында команда үшін тоқсан матч өткізген ол былтыр «Қыран» командасында ойнап, 5 кездесуде 4 голдың авторы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или