«Астана» - БАТЭ матчы өтпейді

«Астана» - БАТЭ матчы өтпейді

21 ақпанға жоспарланған беларусьтік БАТЭ мен қазақстандық «Астана» арасындағы жолдастық кездесу өтпейтін болды, деп жазады Prosports.kz.

Беларусьтік клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, БАТЭ бүгін «Астанамен» емес, ресейлік «Текстильщик» командасымен кездеседі. Бұл ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 14:00-де өтеді. 

Айта кетейік, 21 ақпан күні кешке елордалық клуб Түркияда тағы бір Беларусь командасы «Рухпен» кездеседі. Матч 20:00-ге жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или