«Тобыл» сапына түркиялық клубтың футболшысы ауысты
Түркиялық «Ризеспордың» сербиялық жартылай қорғаушысы Душан Йованчич қостанайлық «Тобылға» ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz түркиялық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы маусымда 30 жастағы футболшы «Ризеспор» сапында сегіз матчқа қатысқан. Сербиялық ойыншы қостанайлық клубта маусым соңына дейін ойнайды.
Йованчич бұған дейін сербиялық «Войводина», «Борац» және «Црвена Звезда» сапында өнер көрсеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или