Де Хеа МЮ-мен келісімін ұзартты

Испандық қақпашы Давид Де Хеа «Манчестер Юнайтедпен» жаңа келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

SportMediaset сайтының мәліметтеріне сүйенсек, 24-жастағы голкипер «қызыл сойқандармен» келісімін тағы бес жылға созды. Сондай-ақ, Де Хеаның жалақысы аптасына 140 мың фунт стерлингті құрайды.

Естеріңізге сала кетсек, Де Хеа 2011-ші жылы 18 млн фунт стерлинге мадридтік «Атлетикодан» МЮ-ға ауысқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или