«Тараз» сапына бес футболшы қосылды
«Тараз» футбол клубы сапына бес футболшы қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа футболшылар қатарында Берік Шаихов, Педру Мигель Эужениу, Коджо Альфонсе, Фэйт Обилор, Ненад Адамович бар.
«Оле Бразил» академиясында тәлім алған Берік Шаихов биылғы футбол маусымында «Тараз» намысын қорғайды. Бүгін 27 жасқа толған Берік Шаихов футболдағы мансабын 2012 жылы «Астана-1964» командасында бастаған. Әр жылдары «Жетісу», «Астана», «Ертіс», «Шахтер» секілді командаларда ойнаған. Былтыр «Қызылжар» сапында өнер көрсетті.

Португалиялық жартылай қорғаушы Педру Мигел Эужениу да «Тараз» сапына алынды. 30 жастағы ойыншы Португалия, Болгария, Түркия елдерінің бірқатар біріншіліктерінде өнер көрсеткен. Былтыр «Жетісу» командасында 11 матчта 4 гол соққан. «Берое» командасымен Болгария кубогы мен Суперкубогын иеленген.

Сондай-ақ, «Тараз» Кот-д'Ивуарлық жартылай қорғаушымен толықты. 27 жастағы Коджо Альфонсе бұған дейін «Арарат-Армения» сапында 55 матч өткізіп, үш рет гол авторы атанған. Әр уақытта португалиялық «Фейренси», «Жил Висенте», «Миранделла» секілді клубтарда өнер көрсеткен. 2 рет Армения премьер-лигасын, бір рет сол елде Суперкубок жеңімпазы болған. Германиялық Трансфермаркет сайты Коджоның бағасы 350 мың евро деп көрсетеді.

«Тараз» нигериялық қорғаушы Фэйт Обилормен келісімге келді. Ол Финляндия біріншілігінде 10 жыл «ХИК», «Интер», «РоПС» клубтарында ойнаған. 2020 жылы ақпанда «Шериф» сапына ауысқан. Бұл клубта мүмкін болған 20 матчтың 17-не қатысқан. Трансфермаркет сайты ойыншының бағасын 250 мың евро деп көрсеткен.

Сербиялық жартылай қорғаушы Ненад Адамович те жамбылдық клуб сапына ауысты. Соңғы екі футбол маусымында «Жетісу» командасында 48 матч өткізген ол Сербия U-19 жастар құрамасында 13 рет алаңға шыққан. Сондай-ақ, «Хайдук», «Динамо» (Минск), «Витебск» командаларында өнер көрсеткен. 2014 жылы Белоруссия чемпионатының үздік сұрмергені атанған. 2014-2016 жыл аралығында Еуропа лигасында 12 матч ойнап, чехиялық «Виктория» командасына жеңіс голын (1-0) соққан.