«Ақжайық» сапына екі футболшы қосылды

«Ақжайық» сапына екі футболшы қосылды

Оралдық «Ақжайық» екі футболшымен келісімшарт жасасқанын мәлім етті, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

Клуб сапына 23 жастағы ресейлік қорғаушы Евгений Яцкий қосылды. Ол «Сызрань-2003», саратовский «Сокол», «Чайка», тольяттилік «Акрон» сапында ойнаған.

Сондай-ақ, командаға жартылай қорғаушы Марат Бураев қосылды. Ол «Краснодар» мен «Строительде», кейін «Беркут», «Кафу», «Севастополь», «Спартак-Владикавказ», армениялық «Пюник» пен «Ноада», артынша «Крымтеплицада», беларусьтік «Слуцк» сапында өнер көрсеткен.

Бұған дейін оралдық клубқа Мейрам Сапанов, Еркін Тапалов пен Сослан Такулов ауысқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или