Исламхан әуесқойлар лигасында өнер көрсетті. Видео
Қазақстандық жартылай қорғаушы Бауыржан Исламхан дисквалификациядан кейін әуесқойлар лигасында өнер көрсетті, деп жазады Prosports.kz.
«Аль-Айннің» бұрынғы ойыншысы бабын жоғалытпау үшін Алматыдағы әуесқой командалардың бірінде доп теуіп жүрген көрінеді.
Айта кетейік, Исламхан екі жылға дисквалификацияланған болатын. Азия Чемпиондар лигасы аясында допинг-тестілеуден өткеннен кейін оның денесінен тыйым салынған препарат табылды, дегенмен ойыншының өзі тыйым салынған препарат пайдаланбағанын айтады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или