«Қайсар» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында «Шинникті» жеңді

«Қайсар» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында «Шинникті» жеңді

Қазақстандық «Қайсар» клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында Ярославльдің «Шинникіне» қарсы матч өткізді.

Кездесу 3:1 есебімен қызылордалықтардың пайдасына аяқталды. «Қасқырлар» қатарынан Өркен Махан бір, Шоқан Абзалов екі гол соқты.

Еске сала кетейік, бір күн бұрын тағы бір қазақстандық «Оқжетпес» клубы «Шинникпен» жолдастық кездесу өткізген болатын. Көкшетау командасы 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

«Қайсар» (Қазақстан) - «Шинник» (Ресей) - 3:1 (1:1)

Гол соққандар: 1:0 Махан - 27; 1:1 Сикоев - 45; 2:1 Абзалов - 56; 3:1 Абзалов - 69.

«Қайсардың» құрамы: Исламқұлов (Леонов), Әмірсеитов (Сарбай), Потапов, Н'Дайе (Жақсыбаев), Алтаев, Денькович (Құлмағанбетов), Нарзилдаев (Әлімжан), Құрманбекұлы (Байжанов), Махан (Кеңесов) ( Лажанов)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или