Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы «Атыраудың» жаттығуына қатысты

Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы «Атыраудың» жаттығуына қатысты

16 ақпанда Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов өзінің көмекшілерімен бірге «Атыраудың» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына барды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы атыраулық клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

- Бүгін Талғат Байсуфинов бастаған ұлттық құраманың бапкерлер штабы «Атырау» футбол клубының жаттығуына қатысып, ойыншылардың физикалық деңгейіне тестілеу шараларын өткізді. Бұл шаралар қазақстандық ойыншылардың физикалық жағдайы бойынша ортақ деректер базасын қалыптастыру мақсатында қолға алынып отыр. Футболшылар жылдамдық төзімділігіне бағытталған тестілерді орындап шықты. Ұлттық құрама бапкерлері тестілеудің нәтижелері бойынша атыраулықтардың дайындығына жоғары баға берді, - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или