2020 жылғы маусымның «Үздік менеджері» анықталды
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы Олжас Абраев 2020 жылғы маусымның футболдан Қазақстан Чемпионатының үздік менеджері атанған «Қайрат» футбол клубының бас директоры Марат Баймұқановты марапаттады.
2020 жылғы маусымның қорытындысы бойынша футболдан Қазақстан Чемпионатына қатысатын футбол клубтары басшыларының арасында маусымның үздік менеджерін анықтау мақсатымен арнайы сауалнама өткізілген болатын.
Аталмыш номинацияда әріптестер тарапынан аса жоғары құрметке ие болып, ең көп дауыс жинаған Марат Баймұқанов жеңіске жетті. Ол 27 ұпай жинады.
Естеріңзге сала кетейік, «Қайрат» футбол клубы 2020 жылғы маусымның қорытындысы бойынша футболдан Қазақстан Чемпионатында бірінші орынға ие болып, клуб тарихындағы үшінші чемпиондыққа қол жеткізді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или