Армения құрамасының қорғаушысы «Астанамен» келісімшартқа қол қойды
Армения құрамасының қорғаушысы Вараздат Ароян «Астана» футбол клубымен жасалған еңбек келісімшартына қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz елордалық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
Вараздат - Армения чемпионатында үш рет және ел Кубогында бес рет жеңіске жеткен «Пюниктің» түлегі.
Иран чемпионатындағы <span> «Падидех» командасында доп тепті, Ресей чемпионатында «Урал» мен «Тамбовта» 60 матч өткізген. </span>
Армения ұлттық құрамасында 28 жастағы қорғаушы вице-капитан міндетін атқарады, ол өз командасын Ұлттар лигасының алты матчының үшеуінде команданы капитан ретінде алаңға бастап шықты. Барлығы ол өз елінің ұлттық құрамасында 55 матч өткізіп, 2 гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или