«Қайсардың» трансфер жасауына шектеу қойылмайды
«Қайсар» футбол клубы трансфер жасауға уақытша тыйымның алынып тасталғаны туралы хабарлады, деп жазады Prosports.kz.
Бұл тураыл қызылордалық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бұған дейін ФИФА-ның дауларды қарастыру палатасы «Қайсардың» бұрынғы ойыншысы Иван Пешичтың арыз талабы бойынша клубқа трансферлік шектеу қойған.
Алайда Швейцарияның Лозанна қаласындағы CAS халықаралық қауымдастығы «Қайсар» футбол клубының апелляциялық шешімін қанағаттандырды. Енді команда трансфер терезеде қатарына жаңа ойыншыларды қоса алады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или