Қазақстан Суперкубогының жеребесі тартылды
Футболдан 2021 жылғы Қазақстан Суперкубогының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирге былтырғы Қазақстан чемпионы («Қайрат»), чемпионаттың жүлдегерлері («Тобыл», «Астана») және біріншілікте 4-орын алған команда («Шахтер») қатысады.
Жеребе қорытындысына сай, жартылай финалда қостанайлық «Тобыл» мен алматылық «Қайрат», қарағандылық «Шахтер» мен елордалық «Астана» кездеседі.
Жартылай финалдық кездесулер 2, 3 наурызда өтеді. Ал үшінші орын үшін матч 5 наурыз, финал 6 наурызға жоспарланған. Барлық ойын Түркістан қаласында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или