Ла Лиги тарихындағы күн: 15-20 ақпан
15-21 ақпан арасында Ла Лига тарихында болған әдемі голдар, дебюттер, ойыншылар мен оқиғаларды еске түсіреміз.
15 ақпан: Марсело Ла Лигадағы алғашқы голын соқты (2009)
2009 жылдың 15 ақпаны, «Эль-Молиньон» стадионы. «Реал» Рауль Гонсалес бен Клаас-Ян Хунтелаардың голдары арқасында сырт алаңда 2:0 есебімен жеңіп жатыр. «Спортинг» есеп айырмасын қысқартуға тырысады, бірақ «Бланкос» үшінші голын соқты - бұл жолы Игуаиннің пасынан кейін Марсело көзге түсті. Артынша Рауль тағы бір гол соғып, оның командасы 4:0 есебімен жеңді.
Бұл Марселоның Ла Лигадағы алғашқы голы болатын, кейін ол лигада тағы 24 гол соғады. Мадридтік клубтың 32-жастағы вице-капитаны содан бері Ла Лигада бес рет топ жарды.

17 ақпан: «Жирона» алғаш рет Бернабеуде жеңіске жетті (2019)
«Реал Мадрид» «Жиронаға» қарсы матчта үш ұпайды оңай олжалайтынына сенімді болған, оның үстіне Каземиро есеп ашты.
Бірақ «Лос Бланкос» екінші таймда ойнамағандай болды, көп ұзамай доп Серхио Рамостың қолына тиіп, Кристиан Стуани пенальтиден есепті теңестірді. Қонақтар мұнымен тоқтап қалмай, Антонио «Чоко» Лосаноның көмегімен екінші голын салды. Кейін «Реал» қарсылас қақпасын нысанаға алып, есепті теңестіруге тырысқанымен, нәтиже болмады. Оның үстіне Рамос екінші сары қағазы үшін алаңнан қуылды. 90 минут бойы қысымға шыдаған каталониялық клуб Сантьяго-Бернабеуді алғашқы және әзірше жалғыз жеңісіне қол жеткізді.

19 ақпан: Месси «Валенсия» қақпасына покер жасады (2012)
2012 жылы 19 ақпанда «Камп Ноуда» өткен матч күтпеген оқиғамен басталды. «Валенсия» вингері Пабло Пьятти «Барса» қорғанысынан сытылып өтіп, 8-минутта есеп ашты. Бірақ «Блауграна» жанкүйерлері уайымдамады, себебі командада Лионель Месси бар екенін білді. Бірінші таймның ортасында аргентиналық жұлдыз екі гол соқты, кейін қанжығасын тағы екі мәрте майлады. Бұған Хави Эрнандестің тағы бір голы қосылды, есеп - 5:1. Бірақ бәрі Мессидің «покері» туралы айтып жатты. Артынша Месси Ла Лигада тағы бір «покер» жасады, бұл жолы «Эспаньол» қақпасына. Осылайша, 2012 жылы Месси 91 гол соқты.

20 ақпан: Арансубия Ла Лига тарихында өз есімін қалдырды
«Депортиво» - «Альмерия», матчтың 94-минуты. Алаң иелері матчтағы соңғы бұрыштамасын орындайын деп тұр, Пабло Альварес айып алаңына қарай пас асырды. Алаң иелерінің қақпашысы Дани Арансубия нағыз шабуылшы секілді ойнап, допты қақпаға торытты. Қақпашы командасын құтқарып, испан лигасында гол соққан алтыншы голкипер атанды. Таяуда «Эйбар» қақпашысы Марко Дмитрович Ла Лига көшбасшысы «Атлетико» қақпасына гол соғып, бұл тізімді кеңейтті. Бірақ Арансубия чемпионат тарихында стандарттан емес, ойын кезінде гол соққан жалғыз қақпашы болып қала береді.