Евгений Павлов «Шахтерге» ауысуы мүмкін
Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, шабуылшы Евгений Павлов қарағандылық «Шахтерге» ауысуға жақын.
«Ахматқа» қарсы бақылау матчынан кейін «кеншілер» ойыншының командадағы болашағы туралы нақты шешім шығарады.
29-жастағы форвард карьерасын отанында – Украинада бастап, «Волынь» пен «Севастопольдің» намысын қорғаған. Кейін Павлов саратовтік «Сокол» сапында ойнаған.
Павлов бірнеше маусым Сербия, Венгрия, Кипр чемпионаттарында өнер көрсеткен. Соңғы клубы сербиялық «Радник» болды, бұл командада Павлов 17 матчқа қатысып, алты гол соққан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или