Роналдудың әлеуметтік желідегі жазылушылары 500 миллионнан асты
«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналдудың әлеуметтік желілердегі жазылушылар саны 500 миллионнан асты, деп жазады Prosports.kz.
Әлемдегі ең ірі үш әлеуметтік желі - Facebook, Twitter және Instagram желісін қоса есептегенде, Роналдудың жазылушылары 500 млн болды.
Атап айтқанда, 36 жастағы ойыншының Instagram парақшасына 264, Facebook парақшасына 148, Twitter парақшасына 91 млн адам жазылған. Бұдан бөлек, 4 жыл бойы ешбір материал салынбаған YouTube парақшасында да 1 млн жазылушы бар.
Осылайша, Роналду әлеуметтік желілердегі жазылушылары 500 миллионнан асқан әлемдегі алғашқы адам атанды.
Ал «Барселона» ойыншысы Лионель Мессидің әлеуметтік желілерде 273 миллион жазылушысы бар. Айта кетерлігі, оның Twitter желісінде парақшасы жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или