Ресми: «Шахтер» екі шетелдік ойыншымен келісімшартқа отырды

Ресми: «Шахтер» екі шетелдік ойыншымен келісімшартқа отырды

«Шахтер» футбол клубы Вук Митошевич және Гиден Баамен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы қарағандылық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Митошевич өнер көрсеткен соңғы клуб - сербиялық «Радник». Оған дейін ойыншы «Ақтөбе», қызылордалық «Қайсар», сербиялық «Войводина», «Явор», «Ягодина» және венгриялық «Кишварда» командаларында доп тепкен.

Ал Гиден Баа өткен маусымда «Шахтер» сапында өнер көрсетті. Ол қарағандылық команда сапында 19 матчқа қатысып, 2 гол соқты. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или