Mourinho out? «Тоттенхэм» «Манчестер Ситиге» қарсылық таныта алмады

Mourinho out? «Тоттенхэм» «Манчестер Ситиге» қарсылық таныта алмады

Ағылшын чемпионатының 24-турында «Манчестер Сити» өз алаңында «Тоттенхэмді» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Этихад» стадионындағы ойын 3:0 есебімен манчестерлік команданың пайдасына аяқталды.

21-минутта Родри пенальтиді сәтті орындап, матчта есеп ашқан еді. Ал, Илкай Гюндоган дубль авторы атанды. Неміс футболшысы қазіргі таңда АПЛ-да команданың үздік сұрмергені. Илкай маусымдағы 11-ші добын соқты.

«Манчестер Сити» 53 ұпай жинап, екінші орындағы «Лестерден» жеті ұпайға озып кетті. Оның үстіне, Пеп Гвардиола командасы бір ойынға кем өткізген. Еншісінде 36 ұпайы бар «Тоттенхэм» тоғызыншы орынға түсіп қалды.

АПЛ. 24-тур.

«Манчестер Сити» – «Тоттенхэм» - 3:0

Гол соққандар: Родриго, 23 (пен.), Гюндоган, 50, 66

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или