«Лестер» «Ливерпуль» қақпасына 6 минутта 3 гол соқты
Ағылшын Премьер-лигасының 24-турында «Лестер" мен «Ливерпуль» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Юргена Клоптың командасы Мохамед Салах соққан голдан кейін, ойынын бәсеңдетіп жіберді. Есесіне «түлкілер» 79 минуттан 85 минутқа дейін 3 гол соқты.
«Қызыл жейделілер» чемпионатта қатарынан үш ойында жеңіліс тапты және ТОР 4-тан төмен түсуі ғажап емес.
«Лестер» – «Ливерпуль» - 3:1
Гол соққандар: 0:1 – 67 Салах, 1:1 – 79 Мэддисон, 2:1 – 81 Варди, 3:1 – 85 Барнс.
«Лестер»: Шмейхель, Рикарду Перейра, Сеюнджю, Эванс, Амарти, Ндиди, Тилеманс (Чоудури, 87), Барнс, Олбрайтон (Перес, 74; Менди, 90), Мэддисон, Варди.
«Ливерпуль»: Алиссон, Робертсон, Александер-Арнолд, Кабак, Хендерсон, Вейналдум (Шакири, 87), Милнер (Тиаго Алькантара, 17), Салах, Джонс (Окслейд-Чемберлен, 75), Мане, Фирмино.