«Атырау» ФК баспасөз-қызметі: «Блажич пен Пейкришивилидің келісімшарты аяқталды. Зенькович туралы ақпарат жай ғана сыбыс»

«Мұнайшылардың» баспасөз-қызметі біздің тілшімізге сұхбат берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Түркиядағы алғашқы оқу-жаттығу жиынында Марко Блажич, Дмитрий Пархачев пен Георгий Пейкришвили болмады...

- Блажич және Пейкришвилидің клубпен келісімшарты аяқталды. Оқу-жаттығу жиынына шақыртылмаса, демек Владимир Андреевич Никитенкоға бұл ойыншылар керек емес. Команданы жинайтын бас бапкер. Пархачев аяғын жарақаттап алды, екінші оқу-жаттығу жиынына қатысуы ықтимал.

- Игорь Зенькович «Ақтөбеден» «Атырауға» ауысады деген рас па?

- Зеньковичпен болған оқиға күлкілі. Бұл ақпараттың қайдан пайда болғанын білмейміз. «Вконтакте»-дегі «Ақтөбенің» ресми тобында «Атыраудың» ресми парақшасына сілтеме жасап шабуылшы «Мұнайшылардың» сапына ауысады деп жазған. Бірақ бұл өтірік. Мен өзім «Атыраудың» ресми парақшасына жауап беремін. Бізде ондай ақпарат болмаған. Клубтың бапкерлік құрамасы Зеньковичті жаңа ойыншымыз ретінде қарастырған жоқ.

- «Бунедкор» мен «Ворскладан» тыс «Атырау» екінші оқу-жаттығу жиынында қай командалармен кездеседі?

- Қазір нақты айта алмаймын. Екінші ОЖЖ-ны болатын кезде белгілі болады. Түркияда 3-4 жолдастық кездесу өткіземіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или