Бактиер Зайнутдинов: Кез келген позицияда ойнауға дайынмын
Қазақстан құрамасының ойыншысы Бактиер Зайнутдинов Bobsoccer.ru сайтына берген сұхбатында ЦСКА командасындағы бәсекелестік жайлы айтты.
– Командама пайдам тию үшін алаңның кез келген жерінде ойнаймын. Әрине, кейде шабуылға шыққың келеді. Бірақ қазір маңыздысы – көбірек ойнау. Жаттықтырушының кез келген нұсқаулығын орындауға дайынмын, – дейді футболшы.
Айта кетейік, биылғы маусымда қазақстандық футболшы ЦСКА сапында алты позицияда алаңға шығып үлгерген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или