«Бавария» – клубтар арасындағы әлем чемпионы

«Бавария» – клубтар арасындағы әлем чемпионы

Катар елінде футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы анықталды.

Бүгін финалда Германияның «Бавария» және Мексиканың «УАНЛ Тигрес» командалары кездесті. Ойын барысы тартысты өрбіді. Неміс футболшылары тізгінді өз қолында ұстауға тырысты.

Бірінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Екінші кезеңнің 59-минутында «Бавария» ойыншысы Бенжамен Павар ашық қалған қақпаға допты тура бағыттады. Кездесуде неміс клубы 1:0 есебімен басым түсті.

«Бавария» бұдан бұрын мұндай жетістікке 2013 жылы қол жеткізді. Ол жолы финалда Марокконың «Раджа» командасын 2:0 есебімен тізе бүктірген еді.

Үшінші орын үшін сайыста Египеттің «Аль Ахли» және Бразилияның «Палмейрас» командалары негізгі және қосымша кезеңде 0:0 есебімен тең аяқталды. Пенальтиде египеттік футболшылар 3:2 есебімен басым түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или