Қазақстан Суперкубогы қалай өтеді?

Қазақстан Суперкубогы қалай өтеді?

ҚКФЛ мүшелік ететін барлық клубтардың қолдауымен Суперкубогы атты жаңа турнирге өткен маусымда Қазақстан чемпионатының жеңімпазы («Қайрат»), екінші және үшінші орындарға ие болған командалар («Тобыл», «Астана») және де Қазақстан Кубогының иегері қатысады.

Егер футбол маусымында Кубок иегері анықталмаса, онда турнирге чемпионатында төртінші орынға ие болған команда («Шахтер») қатысуға құқылы.

Суперкубок екі жартылай финал ойындарынан (2, 3 наурыз) және үшінші орын үшін кездесу (5 наурыз) мен финалдан (6 наурыз) тұрады. Барлық ойындарды киелі Түркістан қаласында өткізу жоспарланып отыр. Турнирдің жартылай финал кезеңінің жеребе тарту рәсімі 15 ақпанда елорда уақытымен сағат 14:00-де өтеді және де тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазақстан Суперкубогы — 2008 жылдан бері жеңімпаздар арасында қолма-қол өтіп, өзінің бастапқы қалпында сақталған жалғыз жүлде. Әр түрлі уақытта бұл жүлдеге Самат Смақов, Андрей Финонченко, Андрей Аршавин, Жерар Гоу, Марин Томасов және де басқада танымал ойыншылар қол жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или