Акмаль Бахтияров қай клубқа ауысады
Prosports.kz сайтына белгілі болғандай, Қазақстан жастар құрамасының футболшысы Акмаль Бахтияров, «Тамбовпен» жалға беру келісімшартын жасасуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бахтияров jйын тәжірибесінің болмауына байланысты «Сочи» ФК құрамынан кетуге ниет білдірді.
Ресей Премьер-лигасының клубтары проблемаға белшесінен батқан тамбовтық клубқа көмектесуге бел байлап отыр. Сол үшін командалар өздерінің ойыншыларын жалға тегін беруге келіскен.
«Сочи» Бахтияров пен нигериялық қорғаушы Филипп Иполені «Тамбовқа» жіберуге дайын. Жалға беру келісімінің кейбір заңды нюанстарын реттеу ғана қалады, содан кейін екі ойыншы да «қасқырлар» лагеріне осы маусымның соңына дейін ауысады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или