Бақылау матчтары: Қазақстан мен Ресей клубтары кездесті
«Ордабасы» футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынындағы бақылау матчында Владикавказдың «Аланиясын» 5:2 есебімен жеңді. «Астана» «Химкиден» жеңіліс тапты, ал «Қайсар» «Факелге» есе жіберді деп хабарлайды Prosports.kz.
Шымкенттіктер сапынан Жоао Паулу покер жасаса, Мирзад Механович 1 гол соқты
Қарсылас команда сапынан Гурциев дубль авторы атанды.
«Ордабасы» құрамы: Трофимец, Симчевич, Фонтанелло (К), Клещенко, Тұңғышбаев, Досмағамбетов, Диакате, қаралымдағы ойыншы, Брижидо, Механович, Паулу.
«Астана» «Химкиден» жеңіліп қалды. Жеңілгенде де ірі есеппен - 4:1!
Астаналықтар сапынан жалғыз голды Жасұлан Қайыркенов соқты.
«Астана»: Дмитрий Непогодов, Марк Гурман, Жарко Томашевич, Антонио Рукавина, Сағи Совет, Мәди Жақыпбаев, Сұлтан Сағнаев, Макс Эбонг, Марин Томасов, Тигран Барсегян, Самир Смайгалич.
Қызылорданың «Қайсары» «Факелге» 0:4 есебімен есе жіберді.
«Ақтөбе» «Ленинградецпен» жолдастық матч ойнап 1:1 есебімен тең түсті. Гол қаралымда жүрген Франциялық Ервен Мукамның еншісінде.
Осылайша Ресейдің екі клубынан жеңіліп, бір клубынан басым түсір, енді бірімен тең түстік. Тіпті аталған клубтардың деңгейі ортаңқолдан да төмен.