Юрген Клопп өмірден озған анасын жерлеуге неге бара алмайды
«Ливерпульдің» бас бапкері Юрген Клоптың отбасында орны толмас оқиға болды - неміс маманының анасы Элизабет Клопп 81 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Ол менің барым еді. Нағыз ана деген сөздің жақсы мағынасында соай. Құдайға сенетін адам ретінде оның қазір жақсы жерде екеніне сенімдімін.
Өкінішке орай, пандемияға байланысты мен жерлеуге бара алмаймын. Жағдай түзелгенде біз еске алуға барамыз» деп келтіреді Клоптың сөзін Schwarzwaelder-bote.
Еске сала кетейік, Германия мен Ұлыбритания арасындағы әуе қатынасы 17 ақпанға дейін жабық. Осыған байланысты еурокубоктардың кейбір плей-офф матчтары кейінге қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или