«Ақтөбеге» төрт жаңа футболшы қосылды
«Ақтөбе» клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына жаңадан төрт футболшының қосылғанын мәлімдеді.
Команда сапына португалиялық шабуылшы Фабио Фортес, ресейлік жартылай қорғаушы Максим Казанков, Гвинея құрамасының қорғаушысы Секу Конде және Армения құрамасының қорғаушысы Армен Манучарян қосылды.
Бұған дейін БАТЭ құрамында Беларусь чемпионы, Франция жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы Эрвен Мукам «Ақтөбемен» келісімшартқа отырған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или