«Қайрат» Түркияда қатарынан төртінші ойында жеңілді
«Қайрат» футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында беларусьтік «Рух» командасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алматылық клуб бұл ойында 0:2 есебімен жеңіліп қалды.
Гол соққандар: Черноок (57, пас – Лаптев), 0:2 Садовский (89, пас – Шевченко).
Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» мәскеулік «Динамодан» (0:2), ресейлік «Крилия Советовтан» (2:3) және украиналық «Александриядан» (1:4) жеңілген болатын.
Бүгін түнде команда жаттығу жиыны аясындағы бесінші матчын черногориялық «Будучностьге» қарсы өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или