Қазақстан Суперкубогы турнирі Түркістанда өтеді
Қазақстанның кəсіпқой футбол лигасының президенті Олжас Абраев түркістандықтар үшін қуанышты жаңалықпен бөлісті.
Биыл 2-6 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының Суперкубок ойындары «Түркістан-арена» стадионында өтеді. Облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев жауапты мачтарды өткізуге əрдайым дайын екендіктерін жеткізді.
Еске сала кетейік, 2 наурыздан бастап 6 наурызға дейін еліміздің клубтары Нұр-Сұлтан қаласының «Астана», Алматының «Қайраты», жəне Қарағандының «Шахтер» командасы мен Қостанайдың «Тобылы» Суперкубоктың жүлдесін сарапқа салады. Сонымен қатар, биыл жаңадан құрылған Түркістан облысының «Тұран» командасының Премьер-лигадағы ойындарының барлығы осы «Түркістан- арена» стадионында өтетін болады» - жазды клубтың баспасөз қызметі.