ҚКФЛ басшысы Олжас Абраев «Түркістан Арена» стадионын тексерді
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы Олжас Абраев Түркістан қаласына іссапар жасап, «Түркістан Арена» жаңадан салынған стадионын тексерді.
Іссапар барысында лига басшысы 2020 жылы салынған су жаңа спорттық аренаның инфрақұрылымымен танысты. Сонымен қатар ол Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығымен кездесу өткізді.
«Түркістан Арена» стадионына халықаралық стандарттарға сай талаптардан өтіп, үшінші дәрежелі сертификатты ие болуы үшін алдағы уақытта лицензиялау рәсімінен өтуі қажет.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или