Қазақстан футболының болашағы: 2001 жылы туған таланттар кімдер?

Қазақстан футболының болашағы: 2001 жылы туған таланттар кімдер?

Prosports.kz сайты елдегі ең талантты жас футболшылар туралы материалдар тізімін жалғастырады. Бүгінгі материал 2001 жылы туған ойыншыларға арналады.

Вячеслав Швырев

Туған жылы: 07.01.2001

Позиция: жартылай қорғаушы

Клуб: «Қайрат» 

Қарағанды ​​облысының тумасы, Теміртау футболының түлегі Вячеслав Швыревтың алғашқы жаттықтырушысы танымал ойыншы Рафаэль Хамидуллов болды. Жас кезінде ол атақты РКС мектеп-интернатында жаттықтырушылар Александр Кузнецов пен Василий Маруняктың қатаң басшылығымен футболдан сабақ алды.

Содан кейін «Қайраттың» құрамынан орын алды. Вячеслав Швыревтің айрықша ерекшеліктері - керемет жылдамдық, талапшылдық, тез шешім қабылдау. Ол 17 жасында «Қайраттың» негізгі командасында алғашқы ойынын өткізді, Қазақстан жастар құрамасына шақырту алып жүрді.

Қазір Швырев «Ақжайықта» қаралымда жүр. Оралдық команда сапында Түркияда өткен жолдастық матчта гол да соғып үлгерді. 

Данияр Үсенов

Туған жылы: 18.02.2001

Позиция: жартылай қорғаушы

Клуб: «Қайрат»

Ақтауда дүниеге келген Данияр Үсенов футболдағы алғашқы қадамын жергілікті «Каспийде» бастады. 16 жасында ол «Қайрат» академиясына ауысып, «Қайрат-М» және «Қайрат-Жастарда» өзің көрсетіп, негізгі құрамнан орын алды.

Өткен маусымда Данияр алматылық командада екі гол соқты. «Қайратпен» ел чемпионы атанды. 

Үсенов - әмбебап футболшы. Қорғаныста да, жартылайқорғаныста да ойнай алады. 

Әлішер Әжімов

Туған жылы: 29.05.2001

Позиция: жартылай қорғаушы

Клуб: «Ақтөбе»

Әлішер Әжімов өзінің туған жері Ақтөбеде барлық жас деңгейлерінен өтіп, 2019 жылы «ақ-қызылдардың» бірінші командасында өзін көрсетуге мүмкіндік алды. Жартылайқорғаныстың қос қапталында да сәтті өнер көрсете алатын талантты футболшы, бес дүркін Қазақстан чемпиондарының негізгі құрамынан ойып тұрып орын алды.

Алдағы маусым 19 жастағы Әжімовтің үлкен футболдағы үшінші маусымы болмақ. Өзінен жасы үлкен серіктестерімен және қарсыластарымен бәсекелесе отырып, ол өзінің шеберлігін едәуір жетілдірді.

Әлішер доппен тамаша жұмыс жасауымен, ерекше техникасымен көзге түсіп жүр. Тек физикалық дайындық керек. Transfermarkt порталы қазірдің өзінде оны 250 мың еуроға бағалап отыр.

Матвей  Герасимов

Туған жылы: 04.02.2001

Позиция: шабуылшы

Клуб: «Шахтер»

Матвей Герасимов Қарағандыда туып-өскен, «Шахтердың» жүйесінде футбол ойнай бастады.

Мығым денелі шабуылшы. Бойының ұзындығына(194 см) қарамастан, доптың ырқына еркін көндіреді.

Өз жасындағы ұлттық құраманың сөзсіз көшбасшысы. Көшбасшылық мінезі де бар. 

2000 жылдың басында ол «кеншілермен» толыққанды келісімшартқа отырды, бірақ ол әлі күнге дейін КПЛ-да дебют жасаған жоқ. Алдағы маусымда Матвейдің жетістіктерін күтеміз.

Станислав Басманов

Туған жылы: 24.06.2001

Позиция: шабуылшы

Клуб: «Астана»

Станислав Басманов - елордалық клубтың түлегі, бұрын бірқатар қазақстандық клубтардың танымал шабуылшысы Игорь Басмановтың ұлы.

2020 жылғы чемпионатта «Қызыл-Жармен» соңғы турдағы ойында ол алғашқы рет ҚПЛ-да алаңға шықты.

Қазақстанның ең атақты клубының барлық мәселелерін ескере отырып, алдағы маусымда Игорь көп ойын практикасын алып қана қоймай, «Астананың» негізгі командасының толыққанды футболшысына айналуы әбден мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или