«Астана» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында мәскеулік «Торпедомен» ойнайды

«Астана» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында мәскеулік «Торпедомен» ойнайды

«Астана» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында мәскеулік «Торпедомен» кездеседі, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> тілшісі ресейлік клубтың </span>баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жолдастық матч 17 ақпанда өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де басталады. 

«Торпедо» Ресей чемпионатының екінші дивизионында ойнайды. Қазіргі уақытта клубты УЕФА кубогының иегері және Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Сергей Игнашевич жаттықтырады, команда ҰФЛ турнир кестесінде 4-орында тұр.

Бұған дейін мәскеулік клуб 9 ақпанда алматылық <span>«Қайратпен» кездеседі деп жоспарланған. Бірақ Қазақстан чемпионы кейін беларусьтік «Рухпен» ойнайтыны белгілі болды. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или