Ла лига. Марселино мен Хави Грасиа жүзбе-жүз кездеседі

Ла лига. Марселино мен Хави Грасиа жүзбе-жүз кездеседі

Испания футболындағы ең көне екі клуб бір-бірімен ойнайды, анығын айтсақ, "Атлетик" командасы Сан-Маместе "Валенсияны" қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екі команданың да құрылғанына 100 жүз жылдан асты және бір ғасырдан астам уақыт ішінде  лиганың 171 матчында кездескен: "Атлетик" 62 рет жеңіске жетсе, "Валенсияның" 67 жеңісі бар. Қалған 42 матч тең аяқталыпты. Марсельино мен Хави Грасиа командаларымен алғаш кездескелі тұр.

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202102/204253_da07c0fbc3a167bff2035850a7e8bfe8.webp" /></picture>

Екі клубтың жанкүйерлері үшін бұл ерекше кездесу, себебі өткен жеңістер мен кейбір ащы жеңілістер туралы ауыр естеліктерді еске түсіретін ерекше ойын болмақ.

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202102/204253_a9ddd3b8afdb7d9abc1cd1ed25c90498.webp" /></picture>

Өткен жылдың желтоқсанында Местальяда өткен соңғы кездесулері 2:2 есебімен тең аяқталған, сол матчта командалар кезек-кезек алға шығып, екі жақ та пенальтиден гол соққан.

Сонымен Ла Лига турниріндегі 172-матч қалай аяқталмақ?

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или