Абат Аймбетов ресейлік клубта қаралымда жүр
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Түркияда жаттығу жиынында жүрген ресейлік «Крыля Советов» клубында қаралымға барды, деп хабарлайды Prosports.kz Match TV-ге сілтеме жасап.
25 жастағы Айымбетов «Ақтөбе» сапында 2012 жылдан бері ойнап, соңғы маусымды «Қайратта» өткізді, ол Қазақстан чемпионатының 20 матчында он гол соғып, чемпион атанды.
Крылья Советов ФНЛ чемпионатында екінші орында келеді.
Еске сала кетейік, 6 ақпанда самаралық клуб Айымбетовтің бұрынғы клубы «Қайратты» бақылау матчында 3:2 есебімен жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или