Кенжисәриев кәсіби мансабын жалғастыра алмайды

Қазақстан құрамасының ойыншысы Самат Смақов «PROСПОРТ» тілшісіне берген сұхбатында, Эмиль Кенжисәриевтің жасыл алаңға оралмайтынын айтты.

- Эмильдің деңсаулығы күн сайын жақсарып келеді. Бұрын кейбір достарын есіне түсере алмаса, қазір бәрін есіне түсіре алады. Эмиль көп ішкен дәрілердің кесірінен, біраз салмақ жинап алды. Енді Ұлықбек Асанбаев екеуіміз оны Корея немесе Қытайдағы емханалардың біріне жібереміз. Онда Эмиль бұрынғы қалпына келеді деген ойдамыз.

- Демек, Эмильдің үлкен футболға оралуы екіталай ма?

- Иә, Эмиль футболдық мансабын жалғастыра алмайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или