Жоао Пауло «Ордабасының» жаттығу жиынына қосылды
Бразилиялық жартылай қорғаушы Жоао Пауло «Ордабасының» жаттығу жиынына қосылды, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы шымкенттік клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Жоао Пауло «Ордабасы» сапындағы алғашқы кездесуін 2019 жылы 9 наурызда Шымкентте «Шахтерге» қарсы ойында өткізді. Ол 2020 жылғы маусымда чемпионаттың үздік сұрмергені атанды.
Қазіргі уақытта шымкенттік клуб Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Алдағы маусымда команданы Александр Седнев жаттықтырады. Самат Смақов оның көмекшісі болып тағайындалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или