«Бенфиканың» бұрынғы ойыншысы қазақстандық клубқа ауысады

«Бенфиканың» бұрынғы ойыншысы қазақстандық клубқа ауысады

Бразилиялық қорғаушы Брайан Сильва «Атырау» футбол клубына ауысуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Meta-ratings.kz сайтының хабарлауынша, 28 жастағы қорғаушы Брайан Сильва "Атыраудың" Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.

Өткен жылы футболшы армениялық «Алашкертте» ойнады. Ал оған дейін Сильва Бразилияның «Америка», «Португеза», «Понта Прета», «Крузейро» және «Витория» клубтарында ойнаған. 2013 жылы футболшы португалиялық "Бенфика" клубының екінші командасында өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или