Беларусь (U-17) - Қазақстан (U-17) матчының тікелей трансляциясы
3 ақпанда «Даму кубогы-2021» халықаралық турнирінің екінші айналымы аясында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-17) беларусьтік құрдастарымен кездеседі, деп жазады Prosports.kz.
Кирилл Морунов шәкірттері алғашқы айналымда Тәжікстаннан 7:1 есебімен жеңілді. Енді қазақстандық жас футболшылар осы масқараның орнын толтыру үшін бүгін барын салады деп сенеміз. Бірақ Беларусь құрамасына да жеңіс қажет. Өйткені алаң иелері алғашқы турда Молдавадан 1:3 есебімен жеңіліп қалған.
Беларусь (U-17) - Қазақстан (U-17) матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 17:55-те басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или