Ресми: «Таразға» жаңа бас бапкер тағайындалды
Вардан Минасян «Тараз» футбол клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы тараздық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Минасянның УЕФА PRO лицензиясы бар. Армения құрамасында және өз елінің бірқатар клубында жұмыс істеген. Ол қазақстандық жанкүйерлерге де таныс, 2014 жылы қостанайлық «Тобылды» жаттықтырған.
Минасянға 10 бойы өзімен бірге жұмыс істеп келе жатқан отандасы Артур Мкртчян көмектеседі.
Сондай-ақ клубтың жаттықтырушылар құрамында жергілікті мамандар Сергей Тагиев, Александр Кучма, Арслан Сатубалдин, Самат Наурызбаев жұмыс істейді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или