«Арыс» «Тұранға» айналды
«Арыс» командасы «Тұран» болып қайта құрылды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.
«Өткен жылы бірінші лигада күміс жүлдегер атанған «Арыс» командасы Премьер-лигаға жолдама алған болатын. Ендігі жерде команданың атауы өзгеріп, Түркістан облысының «Тұран» командасы болып құрылды. Облыс əкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен жасақталған бұл команда отандық футбол шаруашылығының дамуына үлесін қосатын болады. Футболдан Қазақстан чемпионатының Премьер-лига ойындарына жолдама алған команда жаңа маусымға жан-жақты дайындалып жатыр.
Бас бапкер Абдухалық Бөрібаев шəкірттері «БИІК» спорт орталығында 6-шы қаңтар мен 3-ші ақпан аралығында жоспарланған алғашқы оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Жергілікті жастардан құралған түркістандық командаға бірқатар талантты ойыншылар құрамаға шақырту алды. Команда сапында тәжірибесі мол жерлестеріміз іріктеуден өтіп жатыр. Енді «Тұран» командасы кезекті оқу-жаттығу жиынын Түркия елінің Анталия қаласында өткізетін болады. Онда команда 6 ақпан мен 5 наурыз аралығында жалпы тереңдетілген дайындықтан өтеді. Команданың бас бапкерінің айтуынша жаттығу барысында 6 жолдастық кездесу жоспарланған.
Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына шақыртылған ойыншылар тізімін мынадай:
Қақпашылар: Бекжан Тоқтарбай, Андрей Пасеченко, Станислав Павлов.
Қорғаушылар: Нұрлан Даиров, Мейіржан Камбил, Ермек Қуантаев, Гафуржан Назаров, Қасымжан Таипов, Мардан Төлебек, Мирас Тулиев, Елсүйер Алпысбай.
Жартылай қорғаушылар: Асылжан Аббас, Бақдәулет Ақберген, Бекжан Әліпбеков, Еркебұлан Амангелді, Бекзат Бейсенов, Нұрғайни Бурибаев, Абай Жүнүсов, Шынболат Мақсымхан, Алияр Мұхамед,Самат Бортай, Дархан Калиұлы.
Шабуылшылар: Таңат Нөсербаев, Темирлан Амиров, Нкоби Стэнли Чисом.
Анадолы елінде өтетін оқу-жаттығу жиынына тағы да бірнеше футболшылар шақырту алады. Команда басшылығы жаттығу барысында сынақтан өткен, аяқ доп шеберлерімен келісім шарт түзетін болады. Тұрандықтарға алдағы футбол маусымында сәттілік серік болсын!», деп жазды Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі