Prosports.kz пен La Liga серіктестік туралы келісім жасасты
Prosports.kz сайты мен Испания Ла Лигасы өзара тиімді шарттар бойынша серіктестік туралы келісімшарт жасасты.
La Liga Santander Prosports.kz сайтының біздің еліміздегі эксклюзивті серіктесіне айналды. Бұдан былай испан футболының қазақстандық жанкүйерлері Примера мен Сегунда туралы соңғы жаңалықтарды дер кезінде оқи алады. Сонымен қатар ерекше фотосуреттер және видео-контентпен де таныса алады.
Сонымен қатар, бірлескен жоба аясында сіздерге арнап әлем жұлдыздарымен сұқбат дайындаймыз, Ла Лига рәміздері бар естелік сыйлықтар табыстаймыз.
Жақында «Валенсия», «Барселона» және Испания құрамасының жұлдызы, 2000 жылдардың басындағы Еуропаның ең үздік жартылай қорғаушыларының бірі Гаиска Мендьетамен сұқбат жасаймыз.
1 ақпан: Ла Лига тарихындағы маңызды сәттер
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или