Украиналық футболшы матч ортасында телефонмен сөйлесті (+Видео)

Украиналық футболшы матч ортасында телефонмен сөйлесті (+Видео)

Олег Макаровтың мемориалындағы «Олимпик» пен «Энергия» матчында қызық оқиға орын алды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Энергияның» қорғаушысы тым маңызды қоңырауды күтсе керек, матчтың ортасында телефонмен сөйлесуден бас тартқан жоқ. Ойыншының бұл ісіне төреші де назарын аудармады. Ал команданың бапкері оның байқауда жүрген футболшылардың бірі екенін жеткізді.

Кейінірек анықталғандай, бұл 35 жастағы Владимир Козленко деген футболшы болып шықты. Аталмыш оқиғадан кейін ойыншы да, төрешілер бригадасы да турнирден шеттетіліпті. Козленконың сөзіне сүйенер болсақ, ол жанұясына байланысты маңызды қоңырау болған.

Eurosport.ru сайтының материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или