Ресми: Смақов - «Ордабасы» бас бапкерінің көмекшісі
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны Самат Смақов «Ордабасы» командасының бас бапкерінің көмекшісі болды, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы шымкенттік клубтың баспасөз қызметі ресми хабарлады.
42 жастағы Самат Смақов - Қазақстанның 6 дүркін чемпионы, 5 дүркін жүлдегері, 2 рет Қазақстан кубогы мен Суперкубогын жеңіп алған. Ол төрт рет Қазақстанның үздік футболшысы атанды. Қазақстан құрамасы сапында ең көп матч өткізген ойыншы - 76 ойын.
Ол мансабында Қазақстан, Ресей және Түркия елінің клубтарында ойнады.
2016-2017 маусымда «Ордабасы» сапында ойнап, чемпионатта қола медаль жеңіп алды.
2017 жылы ол УЕФА-ның «А» санатындағы лицензиясын алған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или