Қазақстан жастар құрамасы Ресеймен кездеседі

Достастық кубогында кем дегенде 8-ші орында қалтасына салып қойған Қазақстан жастар құрамасы келесі кездесуін турнир қожайыны Ресейге қарсы өткізеді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Біздің футболшылар секілді, Николай Писарев шәкірттері де ширек финалдан аса алмады. Ресей футболшылары Оңтүстік Африка Республикасынан 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Айта кетейік, африкалықтармен Қазақстан топтық кезеңде кездесіп, 0:0 есебімен тең тарқасқан болатын.

Енді Қазақстан – Ресей матчы 23 қаңтарда Астана уақытымен 15:00-де болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или