Қазақстан кубогының жалпы жүлде қоры 250 миллион теңге
2021 жылы командалар Қазақстан кубогына қатысқаны үшін сыйақы алады, деп жазады Prosports.kz.
Назарларыңызға сыйақының сомасы туралы эксклюзивті мәліметтерді ұсынамыз.
ҚКФЛ осы маусымда командаларды қаржылық тұрғыда ынталандыруға баса назар аударып отыр. Енді клубтар кубок үшін ғана емес, сонымен қатар нақты ақша үшін барын салатын болады. Мысалы, Қазақстан кубогы нақты жүлде қорына ие болды. Сыйақының жалпы жүлде қоры 250 миллион теңгені құрайды.
Олардың көпшілігі турнирдің алғашқы кезеңінде - 1/8 және 1/4 финалда беріледі. Осының арқасында чемпионат көшбасшылары ғана емес, өзге клубтар да қаржы табу мүмкіндігіне ие болады.
Нақтырақ айтқанда:
- Кубоктың 1/8 финалында бақ сынаған 16 команданың әрқайсысы 5 миллион теңгеден алады (бұл кезеңде 5*16=80 миллион теңге ойнатылады);
- 1/4 шыққаны үшін сыйақы екі есеге артады (10 миллион*8 клуб=80 миллион теңге);
- жартылай финалға жолдама алған әр команда тағы да 10 миллион табады;
- ал ақтық сынға өткен командалар 15 миллионнан алады;
- турнир жеңімпазы кубоктан бөлек 20 млн сыйақы алады.
Бұған дейін Қазақстан Суперкубогының да жүлде қоры жарияланған болатын. Биыл турнирге өткен маусымда үздік төрттікке енген 4 команда қатысады. Олар - «Қайрат», «Тобыл», «Астана» және «Шахтер». Аталған төрт команда биылғы Суперкубокты сарапқа салады.
Турнирдің жалпы жүлде қоры 40 миллион теңге. Мұнда жеңімпаз 25 миллион, күміс жүлдегер 10 миллион, үшінші орын иегері 5 миллион теңге алады.