Шацкий «Шахтерге» оралады

Шацкий «Шахтерге» оралады

«Шахтер» футбол клубының бұрынғы қақпашы әрі капитаны Игорь Шацкий өзінің туған клубына қайта оралды, деп жазады Prosports.kz.

Meta-ratings.kz сайтының хабарлауынша, ол «Тобылмен» келісімшартты бұзып, өз командасына оралып отыр. 

Шацкий «Тобылға» бір жыл бұрын ауысқан болатын. Алайда ол қостанайлық клубтың негізгі қақпашысына айнала алмады. Ел чемпионатында небәрі алты кездесу өткізді. 39 жастағы ардагер Александр Мокин «Тобылдың» негізгі қақпашысы болды. 

Айта кетейік, Шацкий «Шахтер» басшылығымен келісімге келді, жақын арада команданың Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қосылады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или